Инкассаторларға шабуылдаған қарақшылар ісіне қатысты үкім шықты
Бүгін Алматыда «Трэвэл экспресс» компаниясының инкассаторларына шабуыл жасап, бірін жаралап, енді бірін атып өлтірген қаскөйлерге қатысты сот үкімі шықты.
Шешім бойынша қарулы жасақ жетекшісі Хаваш Мұхадинов 20 жылға, Андрей Танаков 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді олардың жеке заттары мен дүние-мүлкі тәркіленіп, қос айыпталушы жазаларын қатаң режимдегі түзету мекемесінде өтейді.
Ал Танаковтың тапаншасын жасырып, қылмысты ұйымдастырды деп айыпталған Сергей Авдяков 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Естеріңізде болса, оқиға өткен жылдың 26-шы қыркүйегінде болған. Сәтпаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында туристік фирманың қос күзетшісіне белгісіз біреулер оқ жаудырып, қомақты қаржыны тартып әкетуге әрекеттенген.
Алайда, инкасаторлар қарсылық танытып, бұзақылар ақшаны алып үлгермеді. Дегенмен атыс кезінде компанияның қызметкері Олег Крылов оқиға орнында мерт болса, Андрей Сивченко ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Андрей Сивченко, жәбірленуші:
Соттың шығарған үкімімен толық келісемін. Алайда айыпталушылардың жүзінен өкініш байқамадым. Маған әлі аяғыма операция жасап, ішінде қалған екінші оқты шығару керек. Солардың кесірінен ІІ топтағы мүгедек болып қалдым.
Айыпталушылар сот шешімімен келіспейтіндерін айтып, алдағы күндері істің қайта қаралуын талап етпек ниетте. Жәбірленуші мен айыпталушылар арасындағы текетіресті қорытынды жаңалықтарымыздан көре аласыздар.
Әйгерім МУСИНА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06