Көлік сақшылары жолаушыларды мерекемен құттықтады
Бүгін жолға шыққан қыз-келіншектерді арнайы көлік сақшылары құттықтады. Оларға жүрекжарды тілектерін білдіріп, сәт-сапар тіледі.
Ия, осылай еліміздегі көлік полициясы қызметкерлері «Қостанай-Алматы» бағыты бойынша бет алған жолаушыларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады.
Көлік сақшылары құқықтық сауатты ашатын кітапшалар ұсынды. Ерекше ілтипатқа ие болған қыз-келіншектер қуаныш сезімдерін жасыра алмады.
Ләззат Мырзахметова, жолаушы:
8 наурыз мейрамымен ұйымдар құттықтап жатады. Мына жолда жүріп сондай таңғалып отырмын. Аналарымызды силап, көрсеткен сый-құрметіне сондай ризамыз.
Несібелді Әбжақыпова, жолаушы:
Жолда жүрген бізді елеп, жаны ашып, жұмыстарын атқарып жүрген полицейлерге көп-көп рахмет айтамын.
Көлік полицейлері жолаушыларға пойыздағы қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіріп, көктемнің алғашқы мерекесі - халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Дәулет Әбдікәрімов, Көліктегі ІІД Астана станциясы Ішкі істер желілік басқарма бастығының орыбасары:
Біз ақ жаулықты аналарды, қыздарды, әйелдерді, жанымыздағы жарымызды құттықтай отырып, көңіл күйлері көтеріңкі болуын тілеймін. Көлік полиция қызметкерлері жолаушыларға гүл сыйлады.
Осындай мерекелік шараны көлік сақшылары тұңғыш рет ұйымдастырды. Енді көліктегі Ішкі істер департаменті Астана станциясы Ішкі істер желілік басқармасы бұл бастаманы дәстүрге айналдыруды жөн көріп отыр.
Ләззат БЕКТАС
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06