Басты Жаңалықтар Қазақ сарбаздары бітімгершілік миссиясына қатысады

Қазақ сарбаздары бітімгершілік миссиясына қатысады

Қазақ сарбаздары бітімгершілік миссиясына қатысады
Республикалық телерадиокорпорациясы
 
20:11
Жексенбі, 04 мамыр
 
 
 
07 наурыз
17:30
Қазақ сарбаздары бітімгершілік миссиясына қатысады
Олар жақын арада Батыс Сахара, Гаити, Кот-д-Ивуар және Либерия елдеріне аттанады.
 

 

 
Қазақ сарбаздары Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссиясына бақылаушы ретінде қатысады. Дәл қазір 20 жауынгер іріктеліп алынды. Олар жақын арада Батыс Сахара, Гаити, Кот-д-Ивуар және Либерия елдеріне аттанады.
 
Бітімгершілік миссиясына қатысу үшін сарбаздарға қойылатын талап өте жоғары. Олар ағылшын тілінде еркін сөйлеп, арнайы техниканы жүргізе білуі керек.
 
Ең бастысы жағдайға байланысты ақпараттық сараптама жүргізіп, ауызша және жазбаша түрде құжаттарды жіберуге қабілетті болу міндеттеледі. Ал шені бойынша ең төмені капитаннан бастап подполковникке дейінгілер алынады.
 
Алдағы уақытта еліміздің Қарулы Күштері сапынан Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссиясына 150 жауынгерді немесе тұтас бір арнайы бөлімді жіберу жоспарда бар.
 
Әскери талаптың ең жоғарғы сынынан өткен сарбаздардың халықаралық дәрежедегі ірі миссияларға қатысуы олардың шеберлігін шыңдайды, тәжірибелерін байытады және елде сапалы әскер дайындауға ықпал етеді. 
 
 
Ғабит ҰЗАҚБАЙ
Бөлісу