Көкшетауда 200-ден аса отбасы баспаналы болды
Көкшетауда 200-ден аса отбасы жаңа пәтерге ие болды. Тоғыз қабатты екі жаңа үй облыс орталығындағы Әуезов көшесінде орналасқан. Айта кетейік, аталған игі іс «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының аясында іске асырылуда.
Жаңа пәтерлердің кілті алдымен ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысқан үш ардагерге табыс етілді. Сондай-ақ, өткен жылы «Тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 74 жас баспанаға қол жеткізді.
Жаңа қоныс иелерінің қатарында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 20 отбасы мен мемлекеттік және бюджеттік саланың 10 қызметкері де бар.
Әуезов көшесінде орналасқан екінші тоғыз қабатты үй түгелдей жас отбасыларға берілді. Пәтер кілтіне ие болғандар мемлекет тарапынан жасалып отырған көмекке дән риза.
Нариман Нұржақсин, Көкшетау қаласының тұрғыны:
Жас отбасы ретінде баспанаға қол жеткізіп жатырмыз. Елбасыға рахмет айтамыз. Елімізде осындай үйлер салына берсін.
Құрманғали Құлмағанбетов, қалалық Құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:
Қазір Көкшетауда 5 мыңнан аса адам пәтер кезегінде тұр. 2020 жылға дейін олардың барлығын баспанамен қамтамасыз ету үшін жылына кем дегенде 500 пәтер берілуі керек.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде тұрғындар жаңбыр суының өзенге құйылуына наразы
08.06.2026, 09:59
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06