«Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы өтті
Семейлік «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері «Ардагерлерді ардақтайық!» атты акцияны қолға алды. Белсенді жастар жалғызілікті ардагерлер мен қарттар үйлерін аралап, олардың мұң-мұқтажымен танысты.
Зейнеткерлерге медициналық көмек көрсетіп, үй шаруашылықтарына қолғабыс етті. Отын-суларын тасып, аулаларда қыс бойы жиналған қарды тазалады.
Мұндай шараны «жасотандықтар» соңғы 2-3 жылдың көлемінде үзбей өткізіп келеді. Аға буын өкілдері жастардың қамқорлығына шексіз риза.
Дмитрий Цупа, соғыс ардагері:
Жастардың көмегі - бізге үлкен демеу. Оларсыз біз не істер едік?! Жақсы іс жалғасын тапса. Балаларға көрсеткен көмектері үшін алғыс айтамын.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49