Қарағанды облысы бойынша биыл 18 әйел «Алтын алқамен», 33-і «Күміс алқамен» марапатталды. Бұл туралы 8-наурыз - Әйелдер күні мерекесі қарсаңында облыс әкімі Бауыржан Әбдішев түрлі сала қызметкерлерін құттықтау рәсімі аясында мәлімдеді.
Салтанатты шараға Еңбек ардагерлері мен дәрігерлер, ұстаздар, Ішкі істер саласының өкілдері және мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, белгілі спортшылар, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Оларға облыс әкімінің Алғыс хаты және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Нұрбақыт Қабдыкәрімова, Социалистік Еңбек ері:
Барша қыз-келіншектерді 8-наурыз - Әйелдер күні мерекесімен құттықтаймын. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», демекші, қандай жақсылық пен жетістік болсын, еңбекпен келеді. Жастарға осыны айтқым келеді.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ