Ардагер аналар ардақталды
Әйелдер күні мерекесі қарсаңында Астана қалалық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері бір топ ананы құттықтап, сый тарту етті. Солардың қатарында еңбегімен елеулі Жаңылхан Жұмағұлова да бар.
Жаңылхан Жұмағұлова - бүгінде тоқсанды алқымдаған ақ жаулықты ана. Оның өнегелі өмірі көпке үлгі боларлық. Мәселен соғыс кезінде тылда еңбек етті, небәрі 7 сыныптық білімімен 40 жылдан астам бас есепші қызметін атқарды.
Жолдасы Биахмет те артында өшпес із қалдырды. Cоғыста Отанды ерлікпен қорғады. Майданнан мүгедек болып оралса да мойымай, адал еңбегімен мақсатына жетті. Бір сөзбен айтқанда, Жұмағұловтар тірлігі берекелі отбасы болды.
Мұратхан Биахметұлы, Астана қаласының тұрғыны:
Сондай жылы, мейірімді, көп сөзбен ақыл айтпайтын, ісімен көрсететін. Анам бізді тазалыққа, шындыққа үйреткен. Жоғары болғың келе ме, оқы дейтін.
Жаңылхан Есіркеқызы арқаны кеңге салып, қол қусырып қарап отырғанды ұнатпайтынын айтады. Кейуана қазіргі таңда 200-ден астам кесте, тоқыма тоқыды.
Жалпы, Жұмағұловтар отбасында 9 бала дүниеге келген. Үлкені 67-де болса, кішісі 50-ге келді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегенді ұстанған отбасының балалары да тәрбиелі.
Жаңылхан Жұмағұлова, зейнеткер:
Біз бақытты адамбыз. Шөберелерім есіктен жетіп келеді әже деп, сол кезде көңілім көтеріліп қалады. Өзімді 40-50 де екенмін деп қаламын.
Көктем мерекесіне орай жылы лебіз, құттықтаулардан біздің кейіпкеріміз де тыс қалған жоқ. Құрметке бөленді, қымбат сыйлық алды. Бірақ Жаңыл Есіркеқызы үшін ең басты сый - ол еңбегінің еленгені, балаларының құрметке бөлегені.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49