Солтүстік Қазақстан облысында екі мың заңбұзушылық анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында екі мың заңбұзушылық анықталды

06.03.2014
Солтүстік Қазақстан облысында екі мың заңбұзушылық анықталды

Петропавлдағы құрылыс колледжінің директоры студенттерді мемлекеттік топқа тіркеп, 1,5 миллион теңге стипендияны қалтасына басқан. Тіпті ол оқушылардың қатарында банк қызметкерлері, мектеп жұмысшылары мен колледждің күзетшісі де болған. Бұл жайында Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы өткізген брифингте айтылды. 

 
Заңбұзушылық фактілері құрылыс саласында да көптеп кездеседі. Мәселен Мағжан Жұмабаев ауданында үйдің құрылысы бітпей жатып, қабылдау туралы акті жасалып, 7 миллион теңге қаражат құрылыс компаниясына аударылған.
 
Мұндай сорақылықтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына қатысқан 7 үйде анықталды. Осылайша мемлекетке 120 миллион теңгеден астам шығын келген.
 
Ал Петропавл қаласының тұрғыны мемлекеттік қордағы үйді жекешелендіру үшін 1 миллион 291 мың теңге төледім деген жалған түбіртек әкеліп, баспананы өз атына аударып алмақ болған.
 
Арман Нұртазин, СҚО прокуратурасының Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының басшысы:
Уәлиханов көшесіндегі 27-ші А үйіндегі пәтерді жекешелендіру үшін төленген ақша туралы түбіртектің жалғаны екендігі анықталды. Салық органдарының мәліметі бойынша мұнша қаржы қазынаға түскен жоқ. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сәйкесінше, қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде де тексеріс жүргізілді.
 
 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу