Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты қоршаған ортаға зиян келтірді
Атырау облыстық прокуратурасы жергілікті Экология департаментінің мамандарын қатыстыра отырып, бір айға жуық жүргізген жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша осындай ұйғарым жасады.
Яғни, зауытқа ауаны ластаудан келтірілген залалдың орнын толтыру жөнінде талап қойып отыр. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің талаптарына сәйкес, тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Аслан Нұрғалиев, облыстық прокуратураның ресми өкілі:
Тексеру қорытындысы бойынша, Экология департаментіне залалды есептеу және кінәлі тұлғалардың жауапкершіліктерін шешу үшін прокуратурамен ұсыныс енгізілді. Осыған сәйкес, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-на 23,7 миллиард теңге мөлшерінде қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу туралы ұйғарым берілді.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06