Тұздыбастауда мәдениет үйі ашылды
8 наурыз - әйелдер мерекесі қарсаңында Алматы облысына қарасты Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында мәдениет үйі ашылды. Салтанатты шарада аудан әкімі Райхан Садықова аудан халқын қос қуанышпен құттықтап, көпбалалы әйелдер мен аудан өміріне белсене атсалысқан бірқатар нәзік жандыларды марапаттады. Концерт қойылып, мәдениет пен спорт саласындағы ауыл жетістігінен көрме ұйымдастырылды.
Айта кету керек, 2 қабатты ғимарат 1975 жылы салынған. 40 жылға жуық еш жөндеу көрмей, былтыр «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен республикалық бюджеттен 141 миллион теңге бөлініп, күрделі жөндеуден өтті.
Облыс бюджетінен тағы 15 миллион теңге қарастырылып, мәдениет үйі үшін музыкалық аспаптар мен құрал-жабдықтар сатып алынды. Қайта жаңартылған 500 орындық көрермен залы бар ғимаратта «Халықтық» үрмелі аспаптар оркестрі, «Нұряшлық» би ансамблі, домбыра, вокал, би үйірмелері жұмыс жасайтын болады.
Қайрат Құрманғалиев, Тұздыбастау ауылының тұрғыны:
Халқымыз риза бүгін, міне. Әйелдер мейрамы қарсаңында ашылып жатыр, өте ризамыз. Енді өзіміздің мәдениет үйіміз бар, ауылымыздың мәдениеті жоғары болады деп ойлаймыз. Балаларымызға көптеп үйірмелер ашылады.
Жазира ИСАЕВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді
24.09.2026, 23:10
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18