«Мәңгілік ел» ұлттық идеясына қолдау білдірді
Орал қаласында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қолдаған ауқымды іс шаралар ұйымдастырылды. Акция барысында этно-мәдени орталықтардың өкілдері өңірдегі екі ірі университеттің студенттерімен кездесіп, Елбасы Жолдауында көрсетілген міндеттер мен тапсырмалардың маңыздылығына тоқталды.
Мемлекет басшысы ел болашағын айқындай отырып, жастарға жүктелер жауапкершілікті де салмақтаған еді. Сондықтан жас ұрпақ алаңсыз білім алып, жұмыс істеуі арқылы Мәңгілік елдің іргетасын бірге қалауға өз үлестерін қоспақшы. Ауқымды акция кезінде патриоттық әндер шырқалып, «Мәңгілік ел» атты флеш-моб ұйымдастырылды.
Абзал Базаров, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенті:
Бұл Стратегияның жастарға берері өте көп. Жастардың білім алуына отбасылық жағдайына да, алдағы жұмысқа орналасуына қолдау көрсету туралы айтылған. Бекерден бекер айтқан жоқ Қазақстанның болашағы жастардың қолында деп.
Рауан ДИӘЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06