04 наурыз 20:30 Басып шығару Қызылордада бір күнде екі үшем дүниеге келді (ВИДЕО)
Дәрігерлердің айтуынша, сәбилердің жағдайы жақсы, босанған келіншектердің де денсаулығы қалыпты. Нәрестелерді өмірге әкелген аналардың біреуі Жаңақорған ауданындағы, ал екіншісі Қазалы ауданындағы шалғай ауылдардың тұрғындары.
Құрсақтағы балалардың үшем екені белгілі болғаннан кейін, олар дереу облыс орталығына санитарлық авиациямен жеткізілген. Аман-есен дүниеге келген нәрестелер бүгін перзентханадан шығарылды
Кенжегүл Ембергенова, үшемнің анасы:
Маған басында екеу деп берген негізі, УЗИ-ге түскенде екеу деп жүрді. Күтпеген жағдайда үшеу болып шығып тұр. Балалардың жағдайлары жақсы. Балалардың атын атам қойды. Диас, Мирас, Манас деп.
Нұргүл Бегімбетова, үшемнің анасы:
Неше жылдан бері Алладан тілеген балаларымыз. Қабыл болды. Ұл да, қыз да. Қуанышымда шек жоқ, осылардың аманшылығын тілеймін.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49