Балабақша қаражатын жымқырған есепшілер әрекеті әшкере болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балабақша қаражатын жымқырған есепшілер әрекеті әшкере болды

04.03.2014
Балабақша қаражатын жымқырған есепшілер әрекеті әшкере болды

Ақтөбеде бас есепшілер 3 балабақшаның ақшасын жымқырған. Балалардың тамағына берілетін ақшаны жеке мүддесіне пайдаланған. «Қонжық» балабақшасында 5 жыл бойы ата-аналардың баласының тамағы үшін төленетін қаржы есепшотқа түспеген. Тамақтануға мемлекеттен қаржы бөлініп, 15 миллион 800 мың теңгені бас есепші жеке мүддесіне пайдаланған. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалуда.

 
Жуырда Ақтөбе қаласындағы мектепке дейінгі екі мекемеде қатар жұмыс істейтін тағы бір есепші ұсталды. Ол да бүлдіршіндердің ауызынан жырған қаржыны, өз қалтасына салыпты. 
 
Махаббат Дармышева, Ақтөбе облыстық қаржы полициясының баспасөз хатшысы:
Ол екі мекемеден жалпы соммасы 69 миллион теңге болатын бюджет қаражатын ұрлады деген күдік бар. Ал, Ақтөбе қаласының №16 мектепке дейінгі мекемесінің бас есепшісі Жанаеваға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 176 бабы 4 тармағы «б» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда бұл іс Ақтөбе облыстық прокуратурасына айыптау қорытындысымен жолданды.
 
 
 
Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу