Басты Жаңалықтар Бірлік ауылының шетін су шайып кетті

Бірлік ауылының шетін су шайып кетті

Бірлік ауылының шетін су шайып кетті

Кеше түнде Жаңақорған ауданының Қаратау бөктерінде орналасқан   Бірлік ауылының бір бөлігін   су шайып кетті. Тау шатқалындағы «Қанымсай» жазығынан жайылып аққан су елді мекен шетіндегі «Балапансай» сайының ернеуінен асқан.

 
Естеріңізде болса, мамандар дәл осы елді мекенге төніп тұрған қауіпті ескерткен еді. Осыған орай, төтеннен келер мол суға төтеп беруге дайын отырған штаб дер кезінде тиісті әрекет жасап, тасқын суды басқа арнаға бағыттап үлгерді.  
 
Аудандағы барлық мекеме қызметкерлері, белсенді жастар, барлығы 300-ге жуық ерікті Бірлік ауылы тұрғындарын апаттан аман сақтап қалды. Нәтижесінде қар суынан адам да, мал да зардап шеккен жоқ.
 
Сейдахмет Әуелбеков, Бірлік ауылының тұрғыны:
Кешқұрым уақытта  жұрттың бәрі жүгіріп, солай қарай кетті. Барып көрсек, бері қарай су келе жатыр екен.    
 
Әбдімәулен Сабырханов, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы:
4 техника тартылды. Барлық күш құрылымдар жұмылдырылып, штаб құрылып, халыққа тиісті көмек жасалынды. Қазір ауылда электр энергиясы толық беріліп, байланыс жұмыс істеп тұр.
 
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Бөлісу