Қоғамдық көліктерде кемшілік көп
Алматы облысында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Автобус» жедел тексеру шарасы өткізілді. Екі күндік тексеру барысында қоғамдық көлік жүргізушілерінің арасында 245 заңбұзушылық анықталып, жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзуға байланысты 80 хаттама толтырылды.
Техникалық байқаудан өтпеген 79 автобус рейстен шығарылды. Көлік салонын заңсыз қосымша орындармен жарақтағаны үшін бес жүргізуші жазаланды. Қоғамдық көлікті мас күйінде жүргізген бір азамат ұсталды.
Сондай-ақ, техникалық ақауы бар көліктерді жұмысқа шығарған 7 басшы жауапқа тартылды. Жылдамдықты асырған 18 жүргізуші тіркелсе, автобус тізгінін ұстаған 13 азаматтың тиісті құжаттары толық болмай шықты.
Айжан Жұмағұлова, Алматы облыстық ІІД ӘПБ аға инспекторы:
Өткізіліп жатқан шаралардың негізгі мақсаты – тек жүргізушілерді жазалау ғана емес, дамдардың өмірін сақтап қалу.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21