Инчхон-2014. Жәнібек Әлімханұлы алғашқы жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Жәнібек Әлімханұлы алғашқы жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірді

29.09.2014
Инчхон-2014. Жәнібек Әлімханұлы алғашқы жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде тайпейлік қарсыласын нокаутқа түсірді.

Ол бірінші раундта Янь Ю Тинге бірнеше соққы дарытты. Ал, екінші раунда иегінен соққы жіберіп алған тайпейлік боксшы құлап қалды. Янь Ю Тин берілген уақытта орнынан көтеріле алмай, Жәнібек Әлімханұлы мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Енді ол ширек финалда  Фид Ислам Иршаид (Палестина) - Саджад Мехраби (Иран) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Фото: kfb.kz

Хабарламаларға жазылу