Жәнібек Әлімханұлы Дензел Бентлиді жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәнібек Әлімханұлы Дензел Бентлиді жеңді

14.11.2022

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы британиялық Дензел Бентлиді жеңіп, Әлем чемпионы атағын қорғады. Бұл оның кәсіпқой бокстағы он үшінші жеңісі. Жекпе-жек АҚШ-тың Лас Вегас қаласында өтті. WBO нұсқасы бойынша орта салмақта Әлем чемпионы белбеуі сарапқа түсті. Жекпе-жек он екі раундқа созылды. Төрешілер шешімімен жеңіс Жәнібек Әлімханұлына берілді. Бұл оның 12 раундқа созылған алғашқы жекпе-жегі. Жәнібек Әлімханұлы әуесқой бокста 2013 жылы әлем және Азия чемпионы атанса, 2014 жылы Азия ойындарында жеңімпаз болды. 2016 жылдан бері кәсіпқой бокста сәтті өнер көрсетіп келеді.

Хабарламаларға жазылу