Сағадат Рахманқұл кәсіпқой рингтегі төртінші жекпе-жегінде есе жіберді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сағадат Рахманқұл кәсіпқой рингтегі төртінші жекпе-жегінде есе жіберді (ВИДЕО)

04.11.2018

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сағадат Рахманқұл (3-1; 1КО) АҚШ-тың Техас штатында орналасқан Эль-Пасо қаласында өзінің кәсіпқой рингтегі төртінші жекпе-жегінде есе жіберді. Отандасымыздың қарсыласы  пуэрторикалық Никлаус Флэз болды.  

8 раундқа созылған тартысты жекпе-жекте Сағадат төрешілердің бірдей шешімі бойынша пуэрторикалық боксшыға жол берді.  Бұл қазақстандық боксшының сегіз раундтық межедегі алғашқы кездесуі болған еді.

Дәл осы бокс кешінде отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы америкалық боксшы Вон Александрды ұтты. 8 раундтық жекпе-жекте Жәнібек төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.

Хабарламаларға жазылу