Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетті (ВИДЕО)

04.11.2018

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0; 1КО) АҚШ-тың Техас штатында орналасқан Эль-Пасо қаласында өзінің төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Отандасымыздың қарсыласы америкалық боксшы Вон Александр (12-2; 8КО) болды. 8 раундқа созылған тартысты жекпе-жекте Жәнібек төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Бұл қазақстандық боксшының сегіз раундтық межедегі алғашқы кездесуі болған еді.

Естеріңізге салсақ, АҚШ-тың Техас штатындағы Эль-Пасо қаласындағы өткен бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетті. 
 

 

Сағадат Рахманқұл мен пуэрторикалық Никлаус Флаз арасындағы жекпе-жек

Хабарламаларға жазылу