Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атанды

23.05.2022

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша бос орта салмақтағы уақытша Әлем чемпионы титулын жеңіп алды. Жерлесіміз АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен жекпе-жекте британдық боксшы Дэнни Дигнумды екінші раундта нокаутқа жіберді. Отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста 2016 жылдан бері сынға түсіп келеді. Бұған дейін 11 жекпе-жегінің барлығында қарсыластарын қапы қалдырды. Олардың 7-і нокаутпен аяқталған. Дэнни Дигнуммен кездесуі 12 раундқа жоспарланған. Алайда отандасымыз қарсыласын бірдем қысымға алып, бірінші раундта ногдаунға түсірген. Ал екінші раунда нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу