Жәнібек Әлімханұлы: Маған WBC және WBA атақтары керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәнібек Әлімханұлы: Маған WBC және WBA атақтары керек

16.10.2023

Кеше күллі қазақ елін қуантқан Жәнібек Әлімханұлы, осы жекпе-жегінен кейін мәлімдеме жасады. Былғары қолғап шебері белбеулерін қорғаудан шаршаған сыңайлы. Айтуынша, оған қазір WBC және WBA атақтары керек. Барлық төрт белдікті түгелденген соң ған жеңісімді тойлаймын дейді. Мен кез-келген чемпионды нокаутқа жіберемін деген Жәнібек жекпе-жекті келер жылдың ақпанына дейін өткізгісі келеді. Қазір орта салмақтағы WBC белбеуі америкалық Джермелл Чарлоға, ал WBA белбеуі кубалық Эрис Ланди Лараға тиесілі. Кеше жерлесіміз германиялық Вин Чен Цо Гуальтиериді 6-шы раундта нокаутпен жеңіп, екі белбеудің иегері атанды.  

Дархан Рақымжан

Хабарламаларға жазылу