Олимпиадашыға пәтер кілті табысталды
Петропавлда Наурыз мерекесіне орай, конькимен сырғанаудан ұлттық құраманың мүшесі Роман Кречке 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталды.
Ол Сочи Олимпиадасында 500 метрлік жарыста 7 орынды иеленген. Мамандар 24 жастағы спортшының болашағынан үлкен үміт күтіп отыр.
Жуырда Роман Креч әлеуметтік желілердегі парақшасында Петропавл қаласында өзі тұрған үй сүрілетін болғандықтан, «баспанасыз қалдым», деп мұңын шаққан болатын.
Облыс басшылығы спортшыға қолдау ретінде қаладағы жаңа тұрғын үйлердің бірінен 2 бөлмелі пәтер беру туралы шешім қабылдады.
Роман Креч, конькиші, ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі:
Бұл - облыс басшылығы мен Спорт басқармасы тарапынан маған жасалған үлкен тосынсый болып отыр. Бұл сыйлық мені алдағы жеңіске жетелейді. Әрқашанда Қазақстанымыздың байрағы биіктен желбіресін. Барша отандастарымдыНаурыз мерекесімен құттықтаймын.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли «AI Class» авторлық курсын өткізді
03.05.2026, 16:50
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01