Басты Жаңалықтар Шымкенттегі опера және балет театрын салатын мердігер ауысты

Шымкенттегі опера және балет театрын салатын мердігер ауысты

Шымкентте созбалаңға салынған опера және балет театрының құрылысын енді жаңа мердігер жүргізеді. Бұған дейін таңдалған компания міндетін тиісті деңгейде орындай алмағандықтан, онымен жасалған келісімшарт бұзылды. Енді мемлекеттік сараптаманың қорытындысы шыққан соң жаңа мердігер құрылысқа кіріспек. Ал бұрынғы компанияға төленген авансты қайтару үшін сотқа талап арыз берілген.

Ердәулет Әжібаев, қалалық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:
Келісімшарттың талаптарына сәйкес алғашқы аванстық төлем жүргізілген. Қазір ол алғашқы мердігермен келісімшарт үзілгеніне байланысты аванстық төлемді қайтару бойынша сотқа талап-арыз жолданды.
Қолданыстағы мәдениет нысанының салынғанына қырық жылдан асқан. Көрермен залы 330 орынға есептелген, ал шағын сахна көлемді қойылымдарға тарлық етеді. Бұған қоса, ғимараттың акустикалық және техникалық мүмкіндігі бүгінгі талапқа сай емес. Соған қарамастан, театр ұжымы ұлттық және әлемдік классиканы сахналап, шығармашылық жұмысын жалғастырып келеді.


Бөлісу