Азиада: Дзюдо – 2 күміс, 1 қола
Жапониядағы Азия ойындарының аяқталуына 3 күн қалды. Бүгін Ұлттық құрама өкілдері спорттың 16 түрінен, 21 медаль жиынтығына таласып жатыр. Қазір ғана дзюдодан жекелей сындағы 2 екінші жарыс күні мәресіне жетті. Татами шеберлерінің бәсекесі туралы Нагояда жүрген әріптесім Асылбек Данияр тікелей эфирге қосылып айтуға әзір.
Асылбек Данияр, тілші:
Бүгін Қазақстан атынан ерлер мен әйелдерді қоса алғанда 5 балуанымыз татамиге шықты. Оның ішінде 73 келідегі Бақытжан Абдурахманов алғашқы белдесуінде жапон спортшысына жеңілді. Ал ширек финалда сүрініп, жұбаныш белдесуінде қолаға таласуға мүмкіндік алған 57 келідегі Дана Әбдірова мен 63 келідегі жартылай финалда жеңілген Есмигүл Куюлова үшінші орын үшін таласады. Дана кіші финалда Солтүстік Корея өкілінен голден скорда жеңілді. Қарсылас қазақ қызының қателігін пайдаланып, ұстап тұру әдісімен жеңіске жетті. 63 келідегі Есмигүл болса, қола үшін болған күресте өзбек қызын қапы қалдырды. Негізгі уақытты қарсыластар бір-біріне әдіс жасауға мүмкіндік бермеді. Ал голден скорда жерлесіміз ыңғайлы сәтті пайдаланып, вазари ұпайымен жеңіске жетті.
Есмигүл Куюлова, дзюдодан Азия ойындарының қола жүлдегері:
Асылбек Данияр, тілші:
81 келідегі финалда Әділет Алмат, өкінішке қарай, жарақат алып, жапон балуанға есе жіберді. Осылайша, күмісті қанағат етті. Сондай-ақ 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Ажар Асхат та жергілікті балуаннан жеңілді. Өзі істеген әдіске өзі түсіп қалып, қарсылас вазари ұпайын еншіледі. Артынша, жапон қызы екінші вазарин алып, иппонмен жеңіске жетті. Осылайша дзюдошылар бүгін ел қоржынына 2 күміс, 1 қола медаль салды.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада үш ұрпақты тоғыстырған фестиваль өтті
01.10.2026, 17:50
1 қазан – Қарттар күні
01.10.2026, 17:35
Азиада: Жүлдегерлер елге оралды
01.10.2026, 17:33
Абай облысында оқушылар цитрус өсіре бастады
01.10.2026, 17:27
Бүгін – Радио күні
01.10.2026, 17:25
Кітап оқу адамның интеллектуалдық әлеуетін арттырады
01.10.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
01.10.2026, 17:20
Жамбыл облысында су тазартатын кешен салынады
01.10.2026, 17:17