Басты Жаңалықтар Ел жаңалықтарына шолу

Ел жаңалықтарына шолу

Ақша аударымының лимиті екі есе өседі
Осы айдан бастап Қазақстанда телефон нөмірі арқылы жасалатын банкаралық аударымдардың бір транзакцияға белгіленген лимиті 1 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін өседі. Бұл барлық банк клиенті міндетті түрде 1 млн теңге аудара алады деген сөз емес. Әр банк өз қауіпсіздік талаптарына байланысты төменірек лимит қоя алады.
Депозит бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлеме өседі
Бүгіннен бастап кейбір валюталық депозиттер бойынша шекті мөлшерлеме 2,5%-ға дейін көтеріледі. Өзгеріс мерзімі 12 айдан асатын жинақ салымдарына қатысты болады. Қазір мұндай салымдар бойынша шекті мөлшерлеме жылдық 1% деңгейінде. Жаңа мөлшерлеме жаңадан ашылған немесе мерзімі ұзартылған депозиттерге қолданылады.
Астана жылына 6 млн турист қабылдауға дайын
Астана жылына 6 млн турист қабылдай алады. Қазір елордаға жылына шамамен 1,6 млн саяхатшы келеді. Оның 400 мыңы шетелдік қонақтар. Сарапшылардың пайымынша, Астананың туристік әлеуеті бұдан әлдеқайда жоғары. Қазір халықаралық әуе рейстерін көбейтіп, жаңа туристік нысандар мен инфрақұрылымды дамыту көзделіп отыр. Бүгінде елордадан 22 мемлекетке әуе рейстері орындалады.
Елімізде 100-ден асқан 44 адам бар
Бүгін – Халықаралық қарттар күні. Биыл бұл мереке елімізде 35-рет ұйымдастырылып отыр. Статистикаға сүйенсек, елімізде 2,4 млн зейнеткер бар. Оның 64%-ы әйелдер, 36%-ы ерлер. Елдегі ең егде жастағы қария Шымкент қаласында тұрады. Әжейдің жасы 106-да.

Бөлісу