Басты Жаңалықтар Бүгін – Радио күні

Бүгін – Радио күні

Бүгін – Радио күні. 1921 жылдың 1 қазанында Орынбордан алғаш эфирге шыққан Қазақ радиосына биыл 105 жыл толды. Ұлттың үнжариясы атанған радио бүгінде Қазақстан аумағының 90 пайызын қамтиды. Қарашаңырақ - ғасырдан астам уақыт бойы елдің ақпарат айнасы. Тыңдарманға ақпараттық, танымдық және рухани контент ұсынып отыр. Басты құндылықтың бірі – Алтын қор. Мұнда қазақтың көрнекті тұлғаларының дауысымен жазылған тарихи сұхбаттар, шығармалар мен музыкалық мұралар сақталған. Енді сол асыл мұра жасанды интеллект көмегімен жаңа форматқа көшіріліп жатыр. Өткеннің үнін бүгінгі технологиямен тоғыстырған Қазақ радиосы заман талабына сай бейімделіп келеді.

Алмас Байдрахман, Қазақ радиосының бас редакторы:

Қазақ радиосы жастарға бейімделген. Барлық санаттағы жастарды қамтитын толық контент жасап отыр. Бірақ бір нәрсе айқын. Қанша уақыт өзгерсе де, өзгермейтін бір ғана қағида бар. Ол қазақ радиосының өзінің ұлттық болмысын жоғалтпауында. Қазір ақпараттың өте жылдам, өте шапшаң дамыған заманы. Сондықтан Қазақ радиосы өзінің тыңдармандарына ұзынсонар сөзден гөрі қысқа-нұсқа ақпарат беруге, жан-жақты ақпарат беруге, танымдық ақпарат беруге, ағартушылық бағытта еңбектеніп жатыр.


Бөлісу