Алматы волейболшылары ел чемпионы атанды
Тараз қаласында волейболдан ерлер командалары арасында өткен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні алаңға «ҚазХром» және «Шығыс» волейболшылары шықты.
Қола жүлдені қалтаға басып үлгерген хромтаулықтар бұл кездесуде аса қатты тырыспады. Сол себептен бұл ойында Өскеменнен келген жігіттер 3-0 есебімен басым түсті.
Алтын медаль үшін талас «Алматы» мен «Конденсат» командалары арасында өтті. Алғашқы сеттерде оралдықтар басымдылық байқатты. Бірақ, артынша ойнатылған үш сетте қатарынан алматылықтар жеңіске жетті.
Осылайша «Алматы» командасы Қазақстанның 6 дүркін чемпионы атанды. Ал осы чемпионатта ешкімге дес бермей келген «Конденсат» соңғы сәтте сүрініп күміс медальді иеленді.
Индира БЕКТЕНОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша рейд өтті
14.08.2026, 13:20
Саясаттанушы: Партиялардың халықпен байланысы маңызды
14.08.2026, 13:17
Күн ысып, +44°C-қа жетеді
14.08.2026, 13:15
Жапониядағы тасқыннан төрт адам қаза тапты
14.08.2026, 13:13
Астанада қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынып жатыр
14.08.2026, 13:10
«Әлімбет» өткізу бекетінің әлеуеті екі есеге артады
14.08.2026, 13:07
Елдегі шетел азаматтарына талап күшейді
14.08.2026, 13:05
Студенттерден қомақты ақша үптеген ақтаулық сотталды
14.08.2026, 13:03