Волейболдан ел чемпионаты өтуде
Тараз қаласында волейболдан ерлер командалары арасында өтіп жатқан ел чемпионаты аяқталуға жақын. Кезекті жарыс күні қызықты өтті.
Алдымен алаңға шыққан «Атырау» командасы 3:0 есебімен «Павлодарға» есе жіберсе, «Алматы» ойыншылары күтпеген жерден сүрінді.
Ақтөбе облысынан келген «КазХром» волейболшылары 3:2 есебімен «Алматы» ұжымын ұтса, осы ойыннан кейін «Конденсат» пен «Шығыс» командалары алаңға шықты.
3 ұпай алғанда оралдықтар бір күн бұрын ел чемпионы атанар еді. «Алматының» жеңілісінен кейін сәл босаңсып шыққан Игорь Никольченконың командасы 2-ші және 3-ші сеттерде жеңіліп қалды.
Қорытынды есеп - 3:1 «Шығыстың» пайдасына. Енді ертең чемпиондық атаққа кім лайықты екендігі анықталады. «Конденсат» пен «Алматы» командалары өзара күш сынаспақ.
Индира БЕКТЕНОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша рейд өтті
14.08.2026, 13:20
Саясаттанушы: Партиялардың халықпен байланысы маңызды
14.08.2026, 13:17
Күн ысып, +44°C-қа жетеді
14.08.2026, 13:15
Жапониядағы тасқыннан төрт адам қаза тапты
14.08.2026, 13:13
Астанада қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынып жатыр
14.08.2026, 13:10
«Әлімбет» өткізу бекетінің әлеуеті екі есеге артады
14.08.2026, 13:07
Елдегі шетел азаматтарына талап күшейді
14.08.2026, 13:05
Студенттерден қомақты ақша үптеген ақтаулық сотталды
14.08.2026, 13:03