Басты Жаңалықтар Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр

Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр

Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр

Бүгін «Көне Тараз» этномәдени кешенінде «ASPARA FASHION DAY 2026 – Мұра коды» халықаралық іс-шарасы өтіп жатыр.

Фестивальге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан 18 дизайнер қатысып, 21 авторлық топтамасын ұсынады.

Іс-шара аясында Жамбыл облысының 33 қолөнершісі ұлттық нақыштағы бұйымдарын көрмеге қойды. Сондай-ақ халықаралық форум мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Бүгін сағат 17:00-де ұлттық киім үлгілері мен дәстүрлі ою-өрнектер заманауи сәнмен үйлестірілген халықаралық сән көрсетілімі басталады.

Бөлісу