Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
Талдықорғанда жастарға арналған Креативті орталықты іске қосуға дайындық аяқталуға жақын. Жоба «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.
Орталық бұрынғы Көркемсурет галереясының ғимаратында орналасады. Мұнда жастар жасанды интеллект, 3D модельдеу және цифрлық технологиялармен жұмыс істеп, өз жобалары мен стартаптарын тегін дамыта алады. Ал Көркемсурет галереясы ғимараттың үшінші қабатында жұмысын жалғастырады.
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың мәліметінше, 2027 жылы жаңа музейдің құрылысы басталады. Онда балалар музейі де орналасады. Қазіргі музей ғимараты жаңартылып, Халық шығармашылығы орталығына айналады.
Сонымен қатар биыл туғанына 100 жыл толған Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармонияның қасбетін жаңарту жоспарланған.
Жаңа мәдени нысандарда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект шешімдерін енгізуге басымдық беріледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы