Цифрлық таңбалау – көлеңкелі нарыққа тосқауыл
Цифрлық таңбалау заңсыз саудаға тосқауыл болады. Елімізде міндетті цифрлық таңбалауға жататын тауар түрлерінің саны биыл жетіге жетіп отыр. Алдағы үш жылда тағы 10 түрлі тауар санаты цифрлық кодпен белгіленеді. Бұл туралы Digital Tañba форумында талқыланды. Жаңа жүйенің арқасында, азаматтарға тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектің дәріханалар арқылы заңсыз сатылған фактілері анықталды. Ал бүгінгі жиында таңбалау – тауар есебін жүргізу ғана емес, азаматтардың мүддесін қорғау және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау құралы екені де айтылды.
Әсет Өтеғалиев, ҚР Сауда және интеграция министрлігі департаменті директорының орынбасары:
Біріншісі темекі өнімдерін алатын болсақ, цифрлық таңбаны еңгізгенге дейін 2 млн тауарды жылына контракфактіленетін еді, таңбаны енгізген соң 2025 жылы 5,6 млн тауарды тапқан болатынбыз. Оның барлығы цифрлық кодының болмауы салдарынан. Немесе цифрлық кодты көшіріп алған кездер де кездескен.
Қазір Павлодарда мұнай өнімдеріне молекулалық таңба қою бойынша пилоттық жоба сынақтан өтіп жатыр. Жаңа жабдық өнімнің құрамын толық анықтай алады.
Олжас Әлтаев, жоба жетекшісі:
Кей жағдайда бензин сапасыз өніммен араластырылуы мүмкін. Молекулалық таңбалау арқылы оны анықтауға болады. Мысалы, 100 тонна бензинге белгілі мөлшерде химиялық маркер қосылады. Өлшеу құралымен оның мөлшерін анықтаймыз. Бензинге сапасыз, немесе құжатта көрсетілмеген бөгде зат қосылса, маркер концентрациясы төмендейді. Маркер арқылы қанша өнім араластырылғанын да біле аламыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы