Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
«Әділет» партиясының өкілдері бірқатар облыстардың еңбек ұжымдарымен кездесіп, Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру жолдарын талқылады. Көкшетауда теміржол саласының мамандарымен өткен жиында халықаралық транзитті дамыту, жүк тасымалын арттыру және көлік инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері көтерілді. Көкшетау – Петропавл автожолын кеңейту қажеттігі айтылды. Түркістан облысында Олимпиадалық резервті даярлау орталығының ұжымымен кездесіп, спорт инфрақұрылымын дамыту, жас таланттарды қолдау және спортшылардың даярлығын жетілдіру мәселелері қаралды. Ал Жетісу облысының Кербұлақ ауданында мектеп мұғалімдерімен кездесуде цифрлық сауаттылық, жасанды интеллектіні енгізу жайы сөз болды. Педагогтер балалардың сыни ойлау қабілетін дамытып, заман талабына сай білім беру қажеттігін атап өтті. Кездесулер барысында еңбек ұжымдарының ұсыныстары тыңдалып, әр саладағы өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.
Гүлжан Қаманбаева, «Әділет» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының төрағасы:
Жолдаудың негізгі бағыттары ол келесі жылдан бастап халықтық құрылыс бағдарламасы болатындығын біз түсіндіріп жатырмыз. Ол бағдарламаға сай мемлекет тарапынан 6 жарым триллион ақша бөлінетіні жөнінде халықты құлақдар етіп жатырмыз. Сонымен қатар әлеуметтік нысандар салынатыны, әсіресе ауылдық жерлерге қажетті әлеуметтік нысандар, білім саласындағы, мәдениет және медицина саласына қатысты нысандардың бой көтеретіні жөнінде ақпараттандырып жатырмыз халықты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы