ТМД елдері парламенттік байланысты күшейтпек
Қазақстан ТМД елдері арасындағы көлік дәліздерін дамытуға ден қойып отыр. Сондай-ақ көрші елдер арасындағы көші-қон үдерістерін цифрландыруға және жасанды интеллектіні қауіпсіз пайдалану жөніндегі заңнаманы жетілдіруге мүдделі. Бұл ұсыныстарды Құрылтай Төрағасы Түрікменстанның Аваза қаласында өткен ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 61-пленарлық отырысында көтерді. Жиында сөз сөйлеген Айбек Дәдебай еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыру бағытындағы басымдықтары жайын баяндады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар мен елдің инвестициялық әлеуеті туралы мәлімет берді. Түрікменстан Меджлисінің Төрағасы Дуньягозель Гулмановамен кездесуінде екіжақты уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады.
Айбек Дәдебай, ҚР Құрылтайының төрағасы:
Бүгінде ТМД мемлекеттер арасындағы саяси диалогты дамытуға, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік беретін ортақ алаңға айналды. Бұл ретте парламенттер арасындағы байланыс интеграциялық үдерістердің құқықтық негізін нығайтып, Достастықтың институционалдық дамуына үлес қосып келеді. Қазақстан Республикасының Құрылтайы ТМД аясындағы әріптестерімен өзара тиімді әрі сындарлы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы