Басты Жаңалықтар Қарағандыда 30 мыңнан аса көшет еккен

Қарағандыда 30 мыңнан аса көшет еккен

Қарағандыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жаңа экосаябақтың құрылысы басталып, 200 гектар аумаққа 5 мың ағаш егілді. Сонымен қатар өңірде 520-дан астам бақылау камерасы орнатылып, 30 мыңнан астам көшет егілді. 328 мектепте арнайы жасыл қор құрылып, экологиялық іс-шараларға 160 мың тұрғын мен ерікті атсалысты. Міне, бүгін осы игі бастамаларға үлес қосып жүрген табиғат жанашырлары  марапатталды. «Таза Қазақстан – жарқын болашақ» облыстық жастар экологиялық форумында атқарылған жұмыс қорытындыланып, «Үздік эковолонтер», «Үздік экокоманда», «Үздік аула» сынды номинациялардың иегерлері анықталды.

Аружан Омарбекова, ерікті:

Корпусымызда 80 ерікті бар. 40 жас балалар. 40 ересектер. Мақсатымыз атында жазылып тұр ғой Таза Қазақстан. Бұл болашағымыз осы акцияларға жастарымызды тарту. Тазалыққа бейімдеу, таза ұстау.

Бөлісу