Басты Жаңалықтар Абай облысында ірі ет комбинаты ашылады

Абай облысында ірі ет комбинаты ашылады

Абай облысында ірі ет комбинатының құрылысы аяқталуға жақын. Құны 10 миллиард теңге өндіріс орнына қазір құрылғылар орнатылып жатыр. Жаңа кешеннің өндірістік қуаты жылына 11 мың 400 тонна дайын өнім шығаруға жетеді. Мұнда мал союдан бөлек, ет терең өңделеді. Кәсіпорынға қажетті жабдықтар Еуропа мен Америкадан жеткізілген. Жоспар бойынша желтоқсанның ортасында шұжық пен консерві өнімдері шығарыла бастайды. Өндіріс орны толық қуатына шыққанда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылуы тиіс.

Қанат Қалиев, ЖШС бас директоры:

Біз малды тірідей ғана аламыз, өзіміз соямыз «Халал», «ХАССП» стандарттарымен. Переработка жасап, өзіміз сатамыз. Күніне 100 бас сиыр сойылады немесе 1000 бас ұсақ мал сойылады.

Бөлісу