Басты Жаңалықтар Қостанайда түзеу мекемесінде кәсіпорын ашылды

Қостанайда түзеу мекемесінде кәсіпорын ашылды

Қостанайдағы түзеу мекемесінде бір күнде екі кәсіпорын ашылды.

Оның бірінде жазасын өтеушілер киім тігумен айналысса, екіншісінде жасанды шырша дайындайды. Барлығы 120 сотталушы жұмысқа орналасты. Жаңадан бой көтерген қос нысанның жалпы аумағы мың шаршы метрден асады. Қазір түзеу мекемесінде 28 кәсіпорын бар. Олар арнайы киім, аяқ киім, сабын, төсек-орын жабдықтарын шығарады. Ағаш және темір бұйымдар әзірлейді. Соның арқасында осында жазасын өтеп жатқан мыңға жуық сотталушының 91 пайызы жұмыспен қамтылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті жүз пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Сырым Оразғалиев, Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бас маманы:

Қазір облыс бойынша жазасын өтеушілердің 37 млнға жуық сот үкімімен мойнына ілінген қарызы бар. Біз алдымен осы борышкерлерді еңбекпен қамтуға тырысамыз. Себебі тапқан жалақысынан қарызын ұстап қалу үшін.

Бөлісу