Аудандағы кітап қоры 400 мыңға жуықтады
Түркістан облысы, Сарығаш ауданында биыл кітап қоры 400 мың данаға жуықтады. «Бұл жас ұрпақтың кітап оқуға деген құштарлығының арқасы» дейді мамандар. Өйткені оқырман сұранысына сай жаңа кітаптар алу, баспалармен жұмыс істеу жолға қойылған. Жалпы ауданда 36 кітапхана жұмыс істейді. Тұрақты тіркелген оқырман саны 25 мыңға жуықтаса, жыл басынан бері 240 мыңнан аса адам кітап алуға келген. Мәдени мекемелер мемлекет басшысының «Зерделі ұлт» тұжырымдамасы мен «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында тұрақты іс-шаралар өткізеді. Осы орайда оқушылар авторлардың шығармасын талдау, пікір алмасу оқырман үшін өте маңызды дейді.
Инабат Құмарбек, оқушы:
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ғабит Мүсіреповтың кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік дегендей расында бұл кітап оқу бұл адамның ойлау көкжиегін кейетіп қана қоймай, оның тұлға болып қалыптасуына маңызды рөл атқаратын алтың діңгегі деп есептеймін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы