Цифрлық дәуірде кітап оқу: Жаңа үрдістер
Алматыда «Ұлы жібек жолымен» халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр. Шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқитын ұлт» бастамасы аясында ұйымдастырылды.
Көрмеге отандық баспалардың кітап өнімдері қойылып, жаңа басылымдар оқырман назарына ұсынылды. Шара Президенттің озық ойлы ұлт қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған. Келушілер тарихи-танымдық еңбектер, энциклопедиялар мен көркем әдебиеттің сан алуан түрімен танысып, баспагерлер және авторлармен кездесуге мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай көрмелердің басты мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, білімге құштар, зерделі ұрпақ тәрбиелеуге ықпал ету. Бұл бағытта отандық баспалар заманауи және цифрлық құралдарды кеңінен пайдаланып, кітапты оқырманға қолжетімді етудің жаңа жолдарын қарастырып келеді.
Гүлмарал Қаболашева, баспа қызметкері:
Қазіргі цифрлық дәуірдегі балаларды кітапқа қызығушылығын арттыру үшін QR кодтар енгізіп жатырмыз. Бала бірден мәтіндік ақпаратты да алады, екіншіден, QR код-қа өтіп, сол мән-мазмұн жөніде бейнеролик көреді. Осындай іс-шаралар арқылы біз кітап оқитын ұлт қалыптастыра аламыз деген сенімдеміз.
Ақдана Исали, мектеп оқушысы:
Кітап оқығанды өте жақсы көремін. Ақынмын, өлең жазамын. Бүгін кітап көрмесіне келіп, жаңадан шыққан кітаптарды оқып, мектептің баспаларымен танысып, өзіме біраз ой түйдім.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы