Басты Жаңалықтар Ортақ тәртіп – ортақ міндет

Ортақ тәртіп – ортақ міндет

Заң мен тәртіп – дамыған әрі өркениетті қоғамның басты тірегі. Әсіресе, ел ішінде заң үстемдігін орнатып, бюджет қаражатының әділ жұмсалуын бақылау – басты назарда. Ең бастысы халықтың тұрмыс-тіршілігі түзелсе, құқық бұзушылық та азаяды, - дейді тұрғындар.

Семей

Заң мен тәртіп білесіздер, Конституциямыздың ең басты қағидаты болып табылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бәріміз азамат ретінде жауапкершілікпен қарауымыз керек. Мемлекеттің ашықтығы әсіресе өте маңызды. Көп жағдайда қылмыс білесіздер, тәртіп мәселесі халықтың әл-ауқат жағдайына келіп тіреледі.

Жамбыл облысы

Мемлекеттің қазынасына жауап беретін кез-келген мемлекеттік тұлға оған үлкен жауапкершілікпен қарау керек деп ойлаймыз. Мемлекеттен өзінің жоспарланған қаражаты өзінің жоспарланған тиісті жеріне жету керек деп ойлаймын. «Заң мен Тәртіп» қағидаты бұл әрбір азамат өмірін осымен қалыптастыру қажет.

Павлодар

Заң жұмыс істеген кезде тәртіп күшейеді. Бұл біздің елімізде бар. Жақында ұлттық компания басшыларының ұсталғандығы соған дәлел. Сондықтан мен Қазақстанымызда заң жұмыс істеп тұрғанына кәміл сенемін.

Бөлісу