Мажарстандық сарапшылар Жолдауды талқылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын Мажарстандық сарапшылар да талқылады. Еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі Будапештте ұйымдастырған басқосуға үкімет мүшелері, академиялық топ өкілдері мен сарапшылар қатысты. Олардың пайымынша, құжатта халықтың әл ауқатын арттырудан бастап энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, көлік дәліздерін дамыту сынды жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелер қамтылған. Жиында сөз алған Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Қазақстан бойынша баяндамашысы Жолт Немет еліміздің халықаралық аренадағы рөлі мен жетістіктеріне тоқталды. Жолдауда цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, су ресурстарын ұтымды пайдалануға басымдық берілуі жоғары бағаға лайық, - дейді Мажар сарапшылары.
Мартон Краснаи, Будапешт Корвинус университеті Орталық Азияны зерттеу орталығының ғылыми директоры:
Қазақстан аймақтағы басқа елдер сияқты, су тапшылығын сезініп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, су – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Бізде Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетімен арада екі дипломды бағдарлама бар. Осы айда қазақстандық студенттер Будапештте су ресурстарын басқару бойынша тәжірибе жинауда. Біз Қазақстанмен осы салада ынтымақты кеңейтуге үміттіміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы