Тәуелсіздік жылдары өндірістік әлеует артты
35 жылда Қазақстан экономикалық құрылымын жаңартып, өндірістік әлеуетін арттырды. Кезінде шикізат экспортына басымдық берген ел бүгінде өңдеу өнеркәсібін, машина жасауды және көлік инфрақұрылымын қатар дамытып келеді. Әсіресе, Еуропа мен Азия арасында орналасқанын тиімді пайдаланып, халықаралық сауда мен транзиттің маңызды буынына айналды. Шетелдік сарапшылар Қазақстанның бұл жетістігін елдің ұзақ мерзімді экономикалық дамуына жол ашатын маңызды факторлардың бірі деп бағалайды.
Дмитрий Биричевский, РФ СІМ экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры:
Қазақстан Еуразиядағы ірі көлік-логистикалық орталықтардың бірі ретінде қалыптасып келеді. Бұл тек транзиттік тасымалмен шектелмейді. Сонымен қатар жаңа өндірістердің ашылуына, инвестиция тартуға және халықаралық экономикалық байланыстардың кеңеюіне ықпал етеді. Жалпы Қазақстан жаһандық экономикадағы бәсекеге қабілетті елдердің біріне айналды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы