Қазақстан – Ресей: Сауда мен серіктестік
Ал Алматыда Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік мәселелері талқыланды. Қазақстан – Ресей сарапшылар кеңесінің отырысына екі елдің жетекші сарапшылары мен ғалымдары қатысты. Олар әлемдік экономикадағы өзгерістер, геосаяси ахуал, сауда байланыстарының болашағын сөз етті. Екі ел арасындағы тауар айналымы былтыр 28 миллиард долларға жуықтады. Оның ішінде Қазақстан экспорты 8 миллиард доллар, ал Ресейден импорт 19 миллиард доллардан асқан. Алайда қазақстандық кәсіпкерлердің Ресей нарығына шығу кезінде кездесетін кедергілерді алдын алу маңызды, - дейді сарапшылар.
Әсел Әбен, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы:
Қазақстандық өнімдер Ресейдің сертификаттау талаптарына сәйкес келмесе, көрші ел нарығына кіргізілмеуі мүмкін. Мәселен отандық өндіруші қажетті құжаттарды ұсына алмаса, тауарға шектеу қойылады. Бұл ресейлік кәсіпкерлерді қолдауға бағытталғанымен, қазақстандық экспорттаушыларға қиындық туғызады. Еуразиялық экономикалық комиссия бұл мәселелерді шешуге атсалысқанымен, уақыт жағынан кәсіпкерлер үшін тиімсіз. Сондықтан біз осындай кедергілерді жедел әрі тиімді шешу жолдарын талқылап жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы