Конституциялық реформалар ел дамуына серпін береді
Қазақстандағы Кконституциялық реформалар елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін бермек. Мемлекет басшысының Жолдауында ел егемендігін нығайту, ұлттық мүддені қорғауға басымдық берілген. Сонымен қатар, халықаралық экономикалық байланыстарды дамыту мәселелері назардан тыс қалмады. Сарапшылардың пікірінше, Жолдауда көтерілген бастамалар мемлекеттік басқару сапасын арттырып, барлық саланың өркендеуіне жол ашады, түйіні көп түйткілдерді шешуге мүмкіндік береді.
Андрей Марголин, РФ Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы ректорының орынбасары:
Мемлекет басшысының Жолдауының егемендікті нығайту мәселесінен басталуының өзі маңызды. Бұл жерде егемендік жай ғана ұғым ретінде емес, Қазақстанның ұлттық мүдделерін ескере отырып, өзара тиімді халықаралық экономикалық байланыстарды дамытуы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, Президент мемлекеттік басқару сапасын арттыру қажеттігіне де ерекше тоқталды. Бұл мемлекеттік басқару жүйесіндегі кәсіби құзыреттілік пен тиімділікті арттыру қажеттігін көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы