Қазақстан цифрлық үкімет рейтингінде 193 елдің ішінде 16-орынға көтерілді
Еліміз үшін тамаша жаңалық. Қазақстан алғаш рет БҰҰ рейтингінің үздік 20 елі қатарына ең жоғары рейтингтік көрсеткішпен енді. Цифрлық үкімет рейтингінде әлемнің 193 елінің ішінде 16-орынға көтерілді. Оңтүстік Корея, Дания, Сингапур және АҚШ-пен бір топтамыз. Екі жыл ішінде Қазақстан өзінен жоғары тұрған Швеция, Германия, Ирландия, Жаңа Зеландия, Австрия және Жапонияны озды. Ал ТМД және Орталық Азия елдері арасында Қазақстан тағы да бірінші орында. Әлемдік рейтингте Өзбекстан 32-орында, Әзербайжан 38-орында, Ресей 50-орында. Қазақстанның осындай жоғары нәтижесінде Орталық Азия алғаш рет әлемдік көшбасшылардың қатарына енді. eGov.kz және eGov Mobile БҰҰ-ң баяндамасына Орталық Азияның табысты үлгісі ретінде енді. Қазақстандықтардың цифрлық сауаттылығы екі жыл ішінде бір жарым есе өсті. Бұл нәтиже Мемлекет басшысының Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру жөніндегі тапсырмасын іске асырудың тікелей нәтижесі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы