Биыл қоғамдық кеңестің құрылғанына 10 жыл
Қоғамдық кеңестің құрылғанына биыл 10 жыл. Осы уақыт аралығында тек Астана қаласының өзінде кеңес мүшелерінің қолдауымен тұрғындардың мыңнан астам мәселесі өз шешімін тапқан. Кеңес мүшелері тек азаматтардың жеке өтініштерін қараумен шектелмей, қаланы кешенді дамыту, инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік саланы қолдау және өзге де маңызы бағыттар бойынша ұсынымдар әзірлеп, қоғамдық бақылау жүргізді. Мерейлі дата қарсаңында кеңестің барлық төрт шақырылымдағы мүшелері, қоғам қайраткерлерлері, құрылтай депутаттары және «Халық кеңесінің мүшелері бас қосты. Кездесуде жиынға қатысушылар 10 жылда атқарылған ауқымды жұмыстарды саралап, қоғамдық кеңестің алдағы мақсат-міндетін айқындауға қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Табиғат Зейнұлқабден, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:
Бұл қоғамдық кеңес қазір Халық Кеңесіне еніп отыр. Ол үлкен ықпал беріп отыр. Өйткені осы қоғамдық кеңесте соны Халық Кеңес арқылы Құрылтайға жаңағы заңнамаларды өзгертуге басқа да халықтың мүдделерін билікке жеткізуге үлкен ықпалын тигізеді деп ойлаймын.
Зулфуғар Ғайыпов, Астана қаласы қоғамдық кеңесінің ііі-іv шақырылым төрағасы:
Қаладағы жол құрылыстарын қалпына келтіруде, жылда жылу науқанының басталуына осының бәрі қоғамдық бақылаудың арқасында қаламыз, жанға жайла өте көрікті қалаға айналып келе жатыр. Жалпы бұл халықтың көңілінен шықты және өзінің қоғамға керек екенін дәлелдеген үлкен институт деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы