«Халық заңгері» акциясы өтті
Құқықтық мәселе туындаса қарапайым азамат қайда жүгінуі керек? Кейде бір даудың шешімін табу үшін талай мекеменің табалдырығын тоздыруға тура келеді. Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсету мақсатында елордада «Халық заңгері» акциясы өтті. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткен шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Елордалық Нұрсұлу Оразбаева 150 миллион теңгесін даулап талай мекеменің есігін тоздырған. Айтуынша осыншама ақшаны өзінің жиеніне санап берген. Келісім бойынша ол Астана қаласындағы жеке сектордағы екі қабатты үйді алуы керек болған. Бірақ артынша өзі сатып алған үйдің сүрілетінін, ал жасалған келісім-шарттың жалған екенін білген.
Нұрсұлу Оразбаева, қала тұрғыны:
Жолдасым қайтыс болған. Содан кейін бүкіл мүлкімді сатып сол үйді сатып алғанмын. Енді қазір үйсіз де қалдым, ақшасыз да қалдым. Сатқан адам өзі туған адам. Туған нағашым болатын. Қатты сеніп қалдым. Ақшаны қолма-қол қолма-қол бергенмін. Енді прокуратура көмектесеміз дейді.
Үміті үзілмеген қала тұрғыны бүгін қалалық прокуратура, мемлекеттік және құқық қорғау органдары өкілдері жиналған «Халық заңгері» акциясына арнайы келді. Прокуратура өкілімен жүздесіп жанайқайын жеткізді.
Маратбек Мырзамұратов, Астана қаласы прокурорының орынбасары:
Қазір осы жерде тапсырма берілді аудан прокурорына және полиция органы қызметкерлеріне дер кезінде арызды қабылдап ертең уже қылмыстық істі тіркетіп сол бойынша жұмыс атқару.
Нұрсұлу секілді құқықтық көмек іздеп келгендер көп. Сан сауал. Азаматтардың бәрі де іздеген сауалына жауап алғысы келеді.
Маратбек Мырзамұратов, Астана қаласы прокурорының орынбасары:
Әртүрлі сұрақпен келеді. Қылмыстық істер бойынша қаралып жатқан, сот орындаушылардың құрамындағы материалдар бойынша, алимент дейміз басқа да айыппұлдар бойынша, сот шешімдеріне байланысты сұрақтар бойынша.
Мұндай акция елорданың барлық ауданында тұрақты түрде өткізіледі. Кездесулер ірі сауда орталықтары мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұйымдастырылады.Бұл жолғы шараға мемлекеттік органдардың 30-дан астам сарапшысы мен басшысы қатысты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы