Басты Жаңалықтар Заңгер: Жаңа азаматтық кодекс бірнеше бағытты қамтуы тиіс

Заңгер: Жаңа азаматтық кодекс бірнеше бағытты қамтуы тиіс

Жаңа Азаматтық кодекс елдегі экономикалық өзгерістерге сай әзірленуі керек. Заңгерлер осындай пікірде. Жаңа кодексті әзірлеу кезінде шетелдік тәжірибемен ғана шектелуге болмайды. Еліміздегі сот тәжірибесі, халық пен кәсіпкерлердің нақты мәселелері де ескерілгені жөн, - деді.

Рауан Қалиев, Заңгер:

Бірнеше бағытты айта кету керек. Біріншісі Президент айтып кеткен, отандық тауарларды, отандық өнімге кепілді сұраныс қалыптастыру. Екінші жалпыұлттық ауқымды құрылыс жұмыстарын жүргізу, үшінші инвестиция және бизнеске қолайлы орта қалыптастыру төртінші экономиканы цифрландыруы, ЖИ біздің экономикадағы белсенді жұмыстары. Бұл жаңа бағыттар әрине азаматтық кодексте басқа да заңнамалық актілердің қайта қаралып, тиімді тетіктердің қалыптасуына ықпал етуі керек.

Бөлісу