Басты Жаңалықтар Білім мен бизнес лидерлері бас қосты

Білім мен бизнес лидерлері бас қосты

Бүгін Астанада білім, ғылым және бизнес көшбасшылары бас қосып жатыр. Халықаралық жиында жоғары білімнің болашағы, жасанды интеллектінің ықпалы және университеттерді жаңғыртудың тың жолдары талқылануда. Биылғы жиын «Болашақ университеті: 2026–2030» тақырыбына арналып отыр. Басты назарда — жасанды интеллект дәуіріндегі білім сапасы, университеттерді басқарудың жаңа үлгілері және халықаралық бәсекеге қабілеттілік мәселелері. Алайда мұндағы мақсат тек тәжірибе алмасумен шектелмейді, қатысушылар оқу орындарын жаңғыртуға бағытталған алғашқы жүз күннің нақты іс-қимыл жоспарын әзірлемек. Бұл ретте университеттердің өзгерістерге бейімделуі мен білім және бизнес арасындағы байланысты нығайту айрықша маңызға ие.

Золтан Бузади, халықаралық сарапшы:

Жалпы Қазақстанда соңғы 7 жылда ғылым мен білім саласына бөлінген қаржы көлемі 3,4 млрд долларға жетті. Барлығы 132 ЖОО-да 800 мыңға жуық студент білім алады. Президент кеше ғана «Стратегиялық мақсатымыз – Қазақстанды Орталық Азияның академиялық хабына айналдыру» деп қадап айтты. Яғни мұндай шаралардың маңызы зор. Себебі бұл озық тәжірибені отандық университеттерге бейімдеп, халықаралық әріптестікті кеңейтуге жол ашады.

Бөлісу