Кикбоксингтен Қазақстан кубогы басталды
Петропавл қаласында кикбоксингтен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогы өтіп жатыр.
Сайыс халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналды. Жарысқа еліміздің 10 өңірінен 100-ден астам спортшы қатысады. Ал жоғары нәтиже көрсеткендер Ұлттық құрама сапына қабылдануы мүмкін. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінде елімізде кикбоксингке деген қызығушылық жоғары. Қазақстандық спортшылар әлемдік деңгейде төртінші орында тұр. Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған республикалық кубок жыл сайын ұйымдастырылады. Ел намысын халықаралық додаларда қорғаған талантты спортшы 2016 жылы ауыр дерттен қайтыс болған еді.
Сұлтанғали Қуандық, ҚР Кикбоксинг федерациясы төрешілер алқасының төрағасы:
Дәстүрлі жарыс болғаннан кейін осында көптеген спортшылар өздерінің бақтарын сынауға келеді, ересектер қатарында бірінші ел чемпионатына бармай, Қазақстан кубогында батылдықтарын, шеберліктерін сыналып, қаралады осында.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы