Халық Кеңесінің басшылығы кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесті
Елімізде «Еңбек дауысы» атты жұмыс тобы құрылуы мүмкін. Олар кәсіподақтар мен еңбек ұжымдары көтерген мәселелерді мемлекеттік органдар мен Құрылтай депутаттарының қатысуымен талқылап, мәселені шешуде заңнамалық сипаттағы ұсыныстарды әзірлемек. Бұл жаңашылдық Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошановтың Павлодарда кәсіподақтармен кездесуінде жарияланды. Бұдан бөлек кәсіподақтар Халық Кеңесіне еңбек адамдарының мүдделерін қорғауға және республикалық деңгейдегі жүйелі шешімдер әзірлеуге бағытталған 25 бастама ұсынды. Қазақстан Халық Кеңесі кәсіподақтармен ынтымақтастықты, тұрақты әрі жүйелі диалог негізінде дамытуды көздейді.
Ерлан Қошанов, Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы:
Әр адамның адал еңбек етіп, лайықты өмір сүруі үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалынып жатыр. Бұл Президентіміздің басты ұстанымы. Бақуатты өмір ол қуатты, тұрақты әрі прогрессивті мемлекеттің берік негізі. Осы орайда Халық Кеңесі кәсіподақтармен тығыз байланыста алда да жұмыс істей береді. Енді бүкіл еңбек адамдаоының үні жалпыұлттық деңгейде естіліп, нақты шешімдерге ұласады деп мен ойлаймын. Қасым-Жомарт Кемелұлы алдымызға осындай міндет қойып отыр. Осы жолда бірге аянбай еңбек ете берейік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы